Бар екен де, жоқ екен, аш екен де, тоқ екен. Ертегім ертек екен, ешкілері бөрте екен, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен, мұзға мінген екен, бұты тоңған екен. Өткен заманда бір патша болыпты. Оның баласы болмаған екен.
Бір күні уайымдап отырғанда уәзірі келіп:
— Ей, патша, неге қапа боласыз? – депті.
Сонда патша айтыпты:
— Балам жоқ, оны өзің де білесің. Мен өліп кетсем менің орныма әлдекім ие болады, – дегенде уәзірі бір кітапқа қарап айтыпты:
— Сіздің қатыныңыз жүкті, тоғыз ай, тоғыз күн дегенде бір ұл туады. Ол ұлыңыздың атын Жаһанша қоясыз, – депті. Айтқанындай......
Ерте заманда бір ауылдың апта сайын бір тайыншасы зым-зия жоғала беріпті. Бұл ауылдың адамдары жабыла іздесе де ешбір із-түзін біле алмапты. Тіпті көрген-білген, сезік алған бірде-бір адам болмапты.
Сол ауылдың басы қазандай, сәлдесі дағарадай Жақып деген молдасы болыпты. Молда күн сайын ұзақ намаз оқып, оның соңынан көзін жұмып алып, жарты құлаш қара ала таспиғын тартып отырып:
Бетон үйдің қоңырауы шолпы сылдырындай сыңғыр ете қалды. Қолына ыстық кофені ала берген Серафима дір ете түсті. Таң атпастан бейсауат жүрген “кім болды екен?” деп елеңдеп те еді, бірақ қарадан-қарап дір ете түскеніне өзі де таңырқады... Дегенмен өмір бойы әлдебіреуді елеңдей күтіп келе жатқан аңсар сезім сырғыған сынаптай соғып өтті. Ол да соқтықпалы дерт секілді ойнамалы еді.
Ауыр денесін жеңіл қозғаған әйел темір есіктің “көзінен” қарады. Қабат үйдің кіреберіс алаңқайында екі адам тұр. Оның ұзын бойлы, қара киімді қарты келесі қабатқа көтерілер баспалдақтың қашағашына сүйеніпті. Қасындағы немересі болса керек, тым жас көрінді.
Қоңырау тағы сылдыр етті.
— Бұл кім? — деді Соня.
— А...а...а... қарағым!.. — деген қарт адамның дауысы қарлығыңқырап шықты. — Мен — әкеңнің бір танысы едім...
Өткен түнде ғана әкесімен сөйлескен-ді, бірақ ештеңе демеп еді. Мұның ойының үстінен түскендей:
— Қарағым! Сен мені танымайсың. Әкеңе де көп болды, хабарласқан емеспін. Сен қам жеме! Менің өзіңе деген бір ауыз сөзім бар... Әкеңе емес. Сол үшін құлқын сәріден кеп тұрмын. Ғапу ет! — деді арғы жақтан.
Бір күні Жүсіп шиті мылтығын алып келе жатса, бір ағаштың басында қарақұс отыр екен. Жүсіп атайын деп оқтала бергенде, қарақұс: «Мерген, сен мені атпай-ақ қой», – дейді. Әуелі таң қалған Жүсіп аз ойланып: «Осы қарақұстың тірі жүргенінен өлгені артық болар», – деп, атуға екінші рет оқталады. Қарақұс тағы да: «Мерген, мені атпай-ақ қой!» – дейді. Жүсіп тағы да ойланып, үшінші рет қарақұсты қарауылға алғанда: «Мен сенің қолыңа қонайын, сен мені бақ», – дейді. Жүсіп құстың айтқанын жасайды. Бір күні қарақұс Жүсіпке: — Сен арқама мін, орманға апарайын, – дейді де Жүсіпке арқасын тосады. Жүсіп құстың арқасына отырып, қалың тоғайға келеді......
Баяғыда бір шал болыпты. Шалдың бір әйелі, екі баласы, бір дәулет құсы болыпты. Шалдың әйелі өліп, оның орнына басқа әйел алады. Шал бір сапарға кетер алдында дәулет құсын, екі баласын әйеліне тапсырып кетеді. Әйелдің бұдан басқа жалған көңіл қосқан адамы болыпты. Жаңағы кісі сапарға кеткесін, әйелдің үйіне жалған байы келеді де: «Маған дәулет құсты сойып бер», – дейді. Онда әйел: «Шалымның тапсырып кеткен дәулет құсын сойып бермеймін», – дейді. Сосын жаңағы жігіт өкпелеп кетіп қалады. Бес-алты күн өткесін әйел жігітті шақырып алдырып, «болмас енді» деп, дәулет ......
КІРІСПЕ Аударма – әрбір мемлекеттің, әрбір халықтың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі. Адамзаттың тіршілігінде рухани мәдениеттің қалыптасып, дамуы негізінен ел мен елдің өзара қарым-қатынасы, түрлі саладағы байланысына бағытталатыны айқын. Аударманың міндеті мен мақсаты – үлкен, кең ауқымды. Көркем әдебиет аудармасында туған тілдің байлығы мен сұлулығын қорғау, әлемдік әдебиеттің ұлы жауһарларындағы құндылықтардың бәрін игере білу және оны сол рухта, биік деңгейде өз ұлтына жеткізе білу арқылы айқындалады. Көркем аударманың мәселелері әрқашанда тек қана жазушы-аудармашыларды емес, әдебиетші, лингвист ғалымдарды қызықтырған. Себебі ол әртүлі мәдениеттердің, ұлттық әдебиеттердің бір-біріне ықпал етуінің дәнекері. Жалпы көркем аударманың қай жанры, қай түрі болсын әлем мәдениетін көркемдік тұрғыдан меңгеру болып табылады. Бір елдің әдебиетін аудару барысында оның тілдік байлығымен, ұлттық әдет-ғұрып, салтымен, тарихымен, болмыс-бітімімен, табиғатымен, басқа да өзіндік ерекшеліктерімен танысу арқылы олардың мәдени-тарихи үрдісінің диалектикасын үйрену басталады. Көркем аудармадағы ең күрделі және қызықты мәселе – ол сөз таңдау, әсіресе фондық лексиканы басқа тілге аударылуы.. Жұмыста баламасыз лексика, оның түрлері.....
Сиыр лейкозы үлкен экономикалық шығынға ұшыратады. Малдың өнімділігі төмендейді, малды ерте жарамсыздыққа шығаруға, сонымен қатар міндетті түрде лажсыз сойылған малдың ұшасын жоюға тура келеді. Қазіргі уақытта лейкоз мәселесі бірінші орында тұр. Ең алдымен жоғары өнім беретін сиырлар зақымдалады. Әсіресе қазіргі нарықтық жағдайда айтарлықтай зиян келтіруде. Лейкозбен күрес шараларының басты буыны балау. Осыған байланысты жұмыстың мақсаты ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасында сиыр лейкозын серологиялық балау әдістерін меңгеру болды. Бұл мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттер қойылды: 1. ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасы жұмысына талдау. 2. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижелерін талдау. 3. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы “Адал” АӨК-де сиыр лейкозына індеттанулық талдау жүргізу. 4. “Адал” АӨК сиырларының қан сарысуын лейкозға тексеру. ....
1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы. Мал шаруашылығы - халықтың азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыратын, сондай-ақ түрлі салаларға шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Қазақстан Республикасының барлық ауыл шаруашылық жерлерінің төрттен бірі мал жайылымдарын алады. Бұдан басқа, Қазақстанның орталық және оңтүстік-батыс бөліктеріндегі шөл және шөлейтті аумақтар малға арналған маусымдық жайылым ретінде кеңінен қолданылады. Мемлекетімізде ірі қара малдың саны артып келеді. Жануарларды жаппай санау жүргізу кезінде, нақтырақ айтсақ 2017 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың қаңтар айлары аралығында жалпы саны өскені анықталды. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2018 жылы ірі қара саны 6487,3 мың басқа жеткен, ал 1 жыл бұрынғы саны 6253,8 мың бас. Яғни 233,5 мыңға дейін саны артқанын көреміз. 3 облысымыздағы бас саны 1 млн-нан асып тұр. Олар: Алматы облысы – 1170,3 мың, Шығыс Қазақстан облысы – 1124,2 мың және Оңтүстік Қазақстан облысы 1087,8 мың. ....
Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек. Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады. Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады. Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады. ....
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздеріміз бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын.«Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деп аталынады. Рәміз – философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі.......