Диккенс мен үшін алдында ізетпен бас иер жазушым болып қала береді.
А. М. Горький
Бағзы бір кезде король мен королева өмір сүріпті. Король еркек кіндік атаулының ең ер жүрегі де, королева әйел затының ең сұлуы екен. Жалақыны король басқармада қызмет етіп тауып тұрады. Ал королева деревнядан шықса керек, әкесі село дәрігері болыпты.
Ауыл Нұра бойында. Аспанды түнерген қара бұлт қаптап, қара түнді өте-мөте меңіреу қылып тұр. Көшіп шаршап келіп, жаппалап қонған ауыл ұйқы тұтқынында жатыр.
Төңірек тып-тыныш.
Күншығыстан ескен майда қоңыр жел өзен бойындағы қалың талдардың, бұталардың, шөптердің бастарын теңселтіп, ақырын ызыңдап тұр. Көрінбей ақырын жүріп, жұмсақ сыпсыңдаған жүйрік жел мен түнерген талдардың жапырақтары қалтырасып, ақырын-ақырын сыбырласып, сырласқандай. Осы қараңғы түнде майда қоңыр желдің жаяулаған жұмсақ қоңыр сарынынан басқа, бұталардың ақырын ызыңдаған баяу үнді, мұңды күйінен басқа, тал жапырақтарының жат тілді сырлы сыбырларынан басқа, алдыңғы ауылдан ақырын, нәзік сыңсыған бір ызың естіледі. Сыңсыған ызың жүректің ең нәзік сезімді күйлерін қозғап, үзіліп-үзіліп, өксіп-өксіп естіледі.
Ел Көксеңгірдің күнгейінде. Жайлауда жиын отырған көп ауылдың кешкі жылқылары суға келіп шығып, алды өріске кетіп бара жатқан мезгіл еді. Жаңа жамыраған қойлар дүниені у-шу қылып мазаны кетірген соң, біз ауыл иесі Жортар ақсақалмен әңгімелесіп, құдықтың желке жағындағы тастақ төбенің басына таман аяңдап келе жаттық.
Оңтүстік жақ жазықта жапырлап отырған көп ауыл айналасында шұбыртып қыбырлап жүрген малдарымен бірқалыпты жасыл даланың түсін түрлендіріп, көз қуантып тұр.
Көкжиектен асып бара жатқан күн ақырғы алтынды шұғыласымен далаға көрікті нұрын төгіп, ауылдың кешкі қызулы өмірін қызықтандырып тұрғандай. Төбенің басына таман көтерілген сайын, біздің көз алдымыздағы көрініс суреттің ауданы кеңейіп, қыр өмірі өзінің ең дырдулы шағын көзге көрсеткендей болды.
Даладағы мөлдір таза ауадан, сүйкімді суреттен көңілге белгісіз бір үміт кіргендей болады, қиял кезеді. Қөңілдің осы шағына не үйлесер еді деп ойлап келе жатқанда, көңіліме бұрыннан есте жүрген бір нәрсе түсті. Ол — қасымда келе жатқан Жортар ақсақалдың ерте замандағы басынан кешірген бір әңгімесін тыңдау еді. Жортар жас шағында осы ортаның айдынды қолбасы, батыры болған. Ол кезде маңайдағы ел атағынан шошитын. Тыным-тыныштықты білмеген, барымта, соғыс десе — алағызып қолды-аяққа тұрмайтын қызулы жас болыпты. Жортар мықтылық, батырлығының үстіне, ауызға ілінген найзагер болды десетін. Бұл сипаттың бәрін мен бұрыннан естігенімнің үстіне, сол батырдың шал болып қартайған түсін көргенде, ұзақтап алысқа кеткен ескі күннің көмескі түсі елестегендей еді. Сүйекті зор денесі апсағайланып, үлкен басы, келбетті түсі салқын сабырмен маңғазданып, туыстағы ірілігін бір көрген кісіге де білдіргендей. Көп бейнет, көп жылдардың ізіндей болып, бетіне түскен қатпарлы терең әжімдері ескі тентек күндердің таңбасы сияқтанады. .....
Қазақстан республикасында тәжірибемен тұжырымдалған жасалатын және қолданылатын құжаттарға деген жауапкершілікті шектейтін бірыңғай заңды орган жоқ. Бұл жауапкершілік атқаратын қызыметтеріне байланысты бірқатар мемлекеттік басқару және билік органдарына үйлестірілген. Ал арнайы осы органдарды құжаттандыру жүйесіне келетін болсақ, ол әрбір саланың министрліктері мен ведомстволарына жүктелген. Бұл министрліктер мен ведомстволар басқа да салаларды қамтитын нормативтік құжаттарды қабылдауы мүмкін. Кез келген ұйым немесе мекемеде және басқада да олардың құрылымдық бөлімшелерінде құжаттандыруды атқару үшін Республикада енгізілген нормативтік құқықтық актілер ескеріледі. Себебі құжаттандыруды және іс жүргізуді айналасын арнайы қабылданған, заңмен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге байланысты атқарған жөн. Жалпы құжаттандыру дегеніміз басқару саласындағы қызметтерінің құжатталуы бойынша мәселелерді реттеуші. Құжаттану қолжазба немесе арнайы тасымалдаушыға түсірілген ақпараттар мен қамтамасыз ету болып табылады. Мен «Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні» тақырыбында жазған диплом жұмысымның негізгі мақсаты қоғамда басқаруды құжатпен қамту қандай болмасын салада, әсіресе өндірістік-шаруашылық жүйесінде, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда құжат және құжат жүйесінің орны мен рөді өте жоғары екенін терең қарастырдым. Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарына тірек болған, ьарша құқықтық негіздер құрылды. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, қорғау сыртқы саясат ал салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бірнеше жыл дербес өмір сүру нәтижесінде Қазақстан Республикасында көптеген заңдар, нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Барлық қабылданатын заңдардың басқа да нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігі тікелей немесе жанама түрде азаматтарға жеке адамдарға туғаннан бастап қатысты болады. Құжаттандыру өзінің пайда болуынан бастап осы кезге дейін мемлекеттік мекемелерді құжаттық қамтудың нәтижесінде негіздерін атқарып келеді. Құжаттандыру басқаруды қамту қызметтеріндегі ерекше бір сала бастады. Ал құжаттандырудың негізгі яғни іс қағаздарын жүргізу. Іс қағаздарды өздерінің сипаты және маңызы жағынан ерекшеленеді. Мәселен, мемлекеттік маңызы бар құжаттандыруға Қазақстан Республикасының жазба түрінде берілген заңы болып табылады. Қазақстан Республикасының дерективалық шешімдері басқару іс қағаздарының көптеген түрлері бар.....
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы. Даму процесінде білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өзгерісі, күрделеленуі ғана болып қоймайды. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісінен, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалык іс-әрскетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Солай бола тұрса да осы барлық өзгерістер арасынан неғұрлым жалпы да анықтаушы өзгерістерді бөліп алуға болады екен. Оларға: 1) баланың жеке басы бағдарының жалпы қасиеттері, 2) оның іс-әрекетінің психологиялық құрылымының ерекшеліктері және 3) сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады. 1. Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму процесінде қалыптасатын мотивтер сан "алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді зерттеу, олардың мінез-құлықтарының негізгі ерекшеліктерін анықтайтын жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу бағдары жетекші болып табылады: олар үшін жақсы оқу, мұғалімнің талаптарын орындау маңызды саналып, мектептегі үлгірім бағасын көбірек ойлайды. Кейде мұндай бағдар біршама формальды қара дүрсін сипатқа ие болады. ....
Ғылыми жобаның мақсаты: Халқымыздың көне қиссасы жайлы деректерге тоқтала отырып ой қозғау. Ұлттық құндылығымызды дәріптеу, насихаттау. Ғылыми жобаның міндеті: Сыры ашылмаған мәліметтермен таныстыруда әр түрлі саналы ұғымдардың құндылығын тану ізденуге ұмтылдыру. Ғылыми жобаның өзектілігі: Әдеби мәдениетті насихаттау арқылы жоғары сауаттылықты қалыптастыру. Ғылыми жобаның маңыздылығы: Әдеби кейіпкер есімімен байланысты ұғымдарды қалыптастыруға ықпалы зор екенін зерттеуде қол жеткізген. Ғылыми жобаның нәтижелілігі: Жоба соңында өз ұсынысын қарапайым түрде жеткізу қажеттілігін түсіну. .....
Ақпараттық қоғам заманында Интернет ақпараттарды жеткiзудiң негiзгi құралына айналып отыр. Интернет - барлық жүйелерi хаттама деп аталатын бiрыңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс iстейтiн ауқымды (глобальды) компьютерлiк желi. Интернеттiң дамуы мен таралуы 3 бағытта жүргiзiледi: техникалық немесе аппараттық компонент; программалық компонент; ақпараттық компонент. Аппараттық компонент компьютерлердiң түрлi модельдерi мен жүйелерiнен, физикалық негiзi әр түрлi болып келетiн байланыс арналарынан, компьютерлер мен байланыс арналары арасындағы механикалық, әрi электрлiк үйлесiмдi қамтамасыз ететiн құрылғылардан тұрады. Ал ондағы мәлiметтi тасымалдау iсi байланыстың кабельдiк және спутниктiк арналарынан, радиореле жүйелерiнен, теледидарға арналған кабельдiк арналардан тұрады. Программалық компонент интернеттегi түрлi типтегi компьютерлер мен құрылғылардың үйлесiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Ал оның негiзгi функциялары төмендегiдей: - ақпаратты сақтау, iздеу, жинақтау, қарау немесе тыңдау; - желiдегi ақпарат қауiпсiздiгiн сақтау; - аппаратураның функциональдық сәйкестiктерiн қамтамасыз ету. Программалық жабдықтар екi топқа бөлiнедi: сервер-программалар; клиент-программалар. Сервер-программалар – тұтынушылар компьютерлерiне қызмет ететiн желi торабында орналасады; клиент-программалар – тұтынушы компьютерлерiнде орналасып, сервердiң қызметiн пайдаланады. Ақпараттық компонент желiдегi компьютерлерде сақталатын түрлi құжаттар арқылы өрнектеледi. Желiдегi құжаттар бiр-бiрiмен сiлтеме адрестер арқылы берiледi. Интернеттегi мәлiметтердi бейнелеу HTML тiлiнде жазылады. Бiрақ ол программалауға ұқсас болғанмен программалау тiлi емес, гипермәтiндi белгiлеу тiлi. Сонымен қатар, ол мәтiндердi Web-беттер түрiнде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. Сондықтан әдiстемелiк нұсқауда Интернет тарихы, Интернетте ақпараттарды iздеу технологиясы, электрондық поштамен жұмыс, HTML тiлдiң мүмкiндiктерi мен онда құжаттарды форматтау ережелерi, құжаттарды орналастыру принциптерiн түсiнуге қажеттi командаларын үйрету қарастырылады ....