Ал сауда–саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-шы жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда–саттық биік дәрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жәрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік тудырды және Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым–қатынасын орнатуға жол ашты. .....
1.1. Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы Көптеген жұқпалы аурулар таратып, мал шаруашылығына зиян келтірушілер ретінде тышқан тектес кеміргіштердің экологиясын зерттеп, ішкі шаруашылық биоценозын зерттеудің және мал шаруашылығы және басқа да объектілерде олардың қаншалықты деңгейде орын тепкенің анықтауды жоспарлау, эпизоотияға қарсы және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін практикалық маңызы зор. Азық-түлік сауда орындары тышқан тектес кеміргіштердің тіршілік етуіне қолайлы орын болып табылады. Азықтың молдығы, үй-жайлардың, сауда орындарының жылудың кеміргіштерге қолайлығы (бұл әсіресе қыста маңызды), еденнің астына және басқа да оңаша орындарға орналасуға мүмкіндік туғызады. Қазақстанда сауда орындарының көбейіп, көптеген базарлар ашылуына байланысты кеміргіштер жыл сайын көбейе түсуде. Сонымен қатар ол базарларда мал өнімдері, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. заттардың болуы есептеледі. [1,2]. Кеміргіштер азық-түліктің кез келген түрімен қоректенеді де, оларды жақсы пайдаланады. Әсіресе астық тұқымдастардың базарда болуы, әсіресе күріш, тары, қара құмық, т.б. азық-түліктер оларды өте қызықтырады солар бар жерде кеміргіштер міндетті түрде орын тебеді. Сонымен қатар кеміргіштер жұмыртқа, сары май, маргарин өнімдерін жақсы пайдаланады. Базарда сатылатын көптеген түрлі шұжық өнімдерін де өте тиімді пайдаланады. Бір айта кететін жағдай олар сапалы да дәмді азық-түліктерді пайдаланады. Кеміргіштер сүт өнімінің барлық түрлерін, шикі сүттен бастап, айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, кез келген өнімді жей береді. ....
Кейіңгі кезде Қазақстанның есеп жүйесінде көптеген күрделі өзгерістер болды, және оны одан әрі жетілдіру жағдайы әлі жалғасуда. Есеп жүйесінде жаңа мүлік түрлері мен міндеттемелері, сондай-ақ жаңа шаруашылық операциялары пайда болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің есеп аясы біршама артып келеді. Шаруашылық жүргізуші субъектісі есепті жүргізу техникасын, нысанын, әдістемесін әрекет етіп тұрған заңға және Халықаралық стандарт жүйесіне сәйкестендіріп,сондай-ақ сала ерекшелігін ескеріп өздерінің есеп саясатын қалыптастыруына болады. Сонымен қоса, шаруашылық субъектісі өздерінің өндіріс запастарын бағалаудың әдістерін және өнімнің өзіндік құнын есептеудің тәсілдерін таңдау құқығына да ие. Осы және басқа да өзгерістер бухгалтерлік есеп берудің жүйесі де біршама мәнді өзгерістер әкелді. Оның құрамы, мазмұны халықаралық есепке жақындатылады, сонымен қоса есеп берудің мәліметіне, кез келген тұтынушылар пайдалана алатын болады. Бухгалтерлік есептің анықтылығы және тәртіпке салынған жұмыс көп жағдайда субъектісінің экономикалық жағдайына бюджетке жасалатын төлемінің уақыты мен мөлшеріне және сатып алушылармен есеп айырысуына әсер етеді. ....
Бүгінгі күнде әлемде 200-ден астам елдерінде пластикалық карточканы төлем айналымында қолданады, жер бетіндегі миллиондаған тұрғындар пластикалық карточкаларды әртүрлі тауарларды сатып алу үшін пайдалынады, көптеген банктер Visa International, MasterCard/Europay International, American Express, Diners Club, JSB сияқты халықаралық ассоциацияларының мүшесі болу үшін күреседі, бұл фактілер пластикалық карточкалар «технологиялық революция» деп аталатын банк ісі мен халықаралық есептің маңызды элементі болып табылады, деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Тек қана платикалық карточкалар электрондық банкілік және халықаралық төлем жүйесінің кілттік элементін атқарады. Олар чек пен чектік кітапшаларды ақырындап ығыстыра отырып, индустриалды дамыған Батыс елінде ақша айналым ұйымының алдыңғы позициясына шықты. Барлық пластикалық карточкалар, олардың жетілдіру дәрежесінен тәуелсіз маңызды ерекшелігі, оларда әртүрлі қолданбалы бағдарламаларда пайдаланатын белгілі бір ақпарат жиынтығы сақталынады. Карточка ғимаратқа жіберілу қызметін атқара алады, компьютерге ену құралы қызметін атқара алады, жүргізуші куәлігі қызметін атқарады, телефондық қызметімен пайдалынған үшін төлем ретінде және тағы басқа жағдайда пайданылады. Ақша айналым сферасында пластикалық карталар қолма-қол ақшасыз есеп-айырысу ұйымдастырушының прогрессивті құралының бірі болып табылады. Соңғы жылдары несиелік карточкаларды шығаруда әртүрлі мемлекеттердің ұлттық компаниялар кең халықаралық торының бөлігіне айналды. Солай етіп, пластикалық карточкаларының көпшілігі кеңінен тек қана ішкі емес, сонымен бірге халықаралық есеп-айырысумен төлем операцияларында қолданылуға болады.....
Курстық жұмысымда инфляция, инфляцияға қарсы саясаттың мәнін алуға жұмыстандым. Инфляция (лат «желбуаз»), ақшаның құнсыздануы-ақша айналысы арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Инфляцияның экономикалық жэне әлеуметтік зардаптары сан алуан. Инфляция қарқынының артуына қарай өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленісті ұшықтырыды. Инфляция өндірісті қожыратып, елеулі экономикалық зиян келтіреді, экономикалық саясаттың жүргізілуін қиындатады. Курстық жұмысымды 3 бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімде инфляцияның мәнін, себептерін түрлерін қарастырдым, яғни инфляция теориясына коңіл аудардым. Екінші бөлімде, инфляцияның экономикалық, әлеуметтік салдары, альтернативті көздері, тежеу шаралары мен әдістері, жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген филлипс қисығы туралы қарастырдым. Соңғы бөлімде, инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат туралы, инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктеріне анықтама беріп, мысалдарымен түсіндірдім....
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі. Сонымен, қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асады. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік. Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу мынадай құжаттар талап етіледі: I. Резидент-заңды тұлғалар үшін: • Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған); • Статистикалық карточка; • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; • СТТН көшірмесі • Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі; • Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз; • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана); • Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл құжаттары мен СТТН; • Банктік шот ашу туралы өтініш; • Банктік шот туралы келісім-шарт. ІІ. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін: • Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған); • Статистикалық карточка; • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; • СТТН көшірмесі; • Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі; • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана; • Жеке куәлігі (көшірмесі); • Банктік шот ашу туралы өтініш; ....
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығын гидрометеорологиялық қызмет жасау Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады. Республикамыздың ауыл шаруашылығына агрометеорологиялық қызмет жасаудың дамуы тыңайған жерлерді игеруді бастаумен (1954 жылы) сәйкес келеді.....
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Оның өзіне тән Ата заңы, мемлекеттік Рәміздері бар. Қазақстанда мекен еткен адамдар Отанын, елің, жерін құрметтейді. Туған жерді, өз халқын сүйетін адам - нағыз патриот. Батырлар, ақындар елін, жерін қорғау үшін жаумен шайқасқан. Осындай патриотық сезімі жоғары тұратын батырларымыздың, ақындарымыз, желтоқсан құрбандары арқасында өзіміздің елімізді, ұлттылығымызды, тілімізді, салт-дістүрімізді сақтап қалдық. Қазақ халқы намысты қолдан бермейтін ұлт деп ойлаймын. Ата-бабамыз талай ғасырлар бойы елім, жерім үшін деп осындай ұлан-байтақ жерді, тілді, салт –дәстүрді бізге қалдырды. Ендігі біздің басты парымыз, осы мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру. Біз батыр бабаларымыздан патриоттық тәрбие аламыз.......
КІРІСПЕ Курстық жұмыстың өзектілігі: Білім беруді дамыту тұжырымдамасы бұдан әрі –Тұжырымдама/ мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми –теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады. Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конститутциясына, “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Ғылыми туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Қазақстан-2030” стратегиясына, “Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына”, “Білім” мемлекеттік бағдарламасына, баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғарғы білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конвенцияның декларациясына , Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер білім министрлігінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы жөніндегі кеңестік конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.....
Кіріспе. Мырышты алдуың гидрометалургиялық әдісі: Мырыш консулнитротын күйдіру, огарокты екі сатылы сілтілеу және құрамында мырышы бар ерітіндініэлектролыздеу. Мырышпен бірге қолдыққа темір, қорғасын, 50-60% мыс және 30% кодмий, 100% шлак түзетін оксидтер өтеді. Мырыш кектерін вельцтеу процесі кезіндегі мырыш клинкер құрамы %; Zn-1,0; Pb-0,13; Cu-6,96; Fe-47,3; Mr-2,14; S-4,0; Ag-0,31;. Мырыш велцтеу процесіне феррит және сульфат түрінде түзіледі. Метолдардың бөлінуіне әсерін тигізеді. Мысалы гиркланидің бөлінуіне 30-35% құрайды. Индийдің бөлінуі 70-80%, ал сурьма жіне мышяктың маңызды мөлшері клинкерде қалады. 1 Мырыш кектері мен мырыш шлактарын өндіру тәжірбисі. Мырышты алудың гидрометаллургиялық әдісі төмендегі негізгі сатылардан тұрады: мырыш концентраттарын күйдіру огарокты екі сатылы сілтілеу және құрамында мырышы бар ерітіндіні электролиздеу. Огарокты сілтілеу сатысында қатты қалдық-қосылыстар түрінде болады. Мырыш пен бірге қалдыққа темір, қорғасын, алтын, күміс, сонымен қатар 50-60% мыс 30% кадмий, 100% шлак түзетін оксидтер өтеді.....