Реферат: Ордендер мен Медальдар пайда болуы

ОРДЕН (нем. orden, лат. оrdo — қатар, дәреже)—ерекшелік белгісі, ерекше еңбек сіңіргені үшін берілетін құрметті наград. Ерекшелік белгісі ретінде Орден Бат. Европада 12 ғ-дан өмір сүрген рухани-рыцарьлық Олдендерге (қауымдармен) байланысты пайда болды. Бұл қауымдардың мүшелері өзгеден ерекше киім кпіп, оның омырауына белгіленген түрлі түстегі крестер тағып жүрген. 14—16 ғ-да монархтар дворяндарды көтермелеу үшін белгіленген сарайлық. Орден кеңінен тарады. Бұл қауымдардың қауымдық әшекейлі костюмдері, қауымдық ерекше белгілері болды, бұл белгілер кейініректе наград ретінде берілетін болды мыс, Англияда Аспалы Орден 1348 ж. немесе 1350 ж. белгіленген, Бани Ордені (1399), Австрия мен Испаниядағы Алтын бөрте Ордені (1429), француздың қасиетті Рух Ордені (1579) т. б. Наградтық 0. Азияның кейбір елдерінде, соның ішінде бұрын Орден болмаған елдерде 18—19 ғ-да көптеп шығарыла бастады. Мыс, Түркияда Жарты ай Орден (1799), Иранда Арыстан мен Күн Ордені (1808), Жапонияда Күн шапағы Ордені (1875), Қытайда Қос Айдаһар Ордені (1882). 0. әдетте лентаға немесе шынжырға тағылатын белгілерден (крестер, жұлдыздар т. б.) арнаулы түстегі иыққа асатын жалпақ лентадан (жоғары дәрежелі Ордендер үшін) тұрады. Орденнің бір немесе бірнеше дәрежелісі болады. Кейде Орденнен наградтау ұрпағына немесе жеке өзіне дворяндық атақ алу правосын т. с. с. артықшылықтар бөрді. Россияда алғашқы Орденді Петр I белгіледі, олар: жоғары наград болып саналатын қасиетті апостол Андрей Первозванный Ордені (1698), қасиетті Екатерина Ордені (1714). Кейініректе әскери қызметте үздік шыққан офицерлер мен генералдарды наградтау үшін қасиетті Александр Невский (1725), қасиетті Георгий (1769) Ордені т. б. белгіленді. 1 1917 ж. Окт. соц. революциясынан кейін Бүкіл росс. Орт. Атқару комитеті мен Халкомсов 1917 ж. 10(23) ноябрьде «Сословиені және азаматтық шендерді жою туралы» декрет қабылдап, патша Ордені жойылды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жанерке)

Сонау-сонау Алматыдан алып-ұшып хат келді,
Хат келді де Бапа апайға бір қуаныш aп келді.
Секілденген жанарының ағы менен қарасы,
"Демалысқа барып қайтам", — деп жазыпты баласы.
Шүкір-шүкір, жалғыз ұлы қазір елге мақтаныш,
Ержетті де, арман қуып туған жерден кетті алыс. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Игілік)

Самал жел, шалғын, жапырақ, балаусалы,
Ұшқан құс, жайылған мал, таудағы аңы.
Жапырлап қатар қонған халық пормы,
Ыңыранып жатқан мезгіл жайлаудағы.
Жайылған үйездемей қой мен қозы,
Жусаған құлын мен тай байлаудағы.
Таутеке, қоян, киік, қоймен бірге,
Қойшылар «қорықтық» қылған тау - таудағы.
Құс жырлап, су сылдырлап, күн шуақтап .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Көлік – оқылым (2-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5
Сабақ тақырыбы:Саяхат. Көлік – оқылым. (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Т 2 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегі сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің кейбірінің мағынасын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Таныс сөздерді буындап оқиды және мағынасын түсініп, өз ойын жеткізуде қолданады. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді, орынды қолдана алады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дара тұлға № 8 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Дара тұлға № 8
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау
2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, мәтіннің жанрын анықтайды, тірек сөздер арқылы мәтінді мазмұндайды.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіннің мазмұны бойынша нақты сұрақтар қояды, мәтіннің жанрын, түрін ажыратады, мәтінді мазмұндауда оқиға желісін сақтайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауыр атлетиканың аңызы (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Ауыр атлетиканың аңызы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақтың мақсаты: ақпараттарды тыңдай отырып, ойын ықшамдап жинақы мәтін жазуға үйрену. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт.
Сабақ тақырыбы: Алмас Темірбай «Уақыттың қадірі»
Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі, сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолана алады;;
Көптеген оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады,сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;
Кейбір оқушылар:Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтап, салыстыра алады, өз ойын жеткізуде мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілік құралдарды қолданып, дәлелдейді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілер (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұқымқулаушылық пен өзгергіштік
Сабақ тақырыбы: Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу
Сабақ мақсаттары: Өзгергіштік түрлерін ажырата алу;
Үздіксіз және үзік өзгергіштікке мысалдар келтіру;
Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік байланысы;
Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0