Мен Қазақстан мемлекеттінде дүниеге келіп, қазақ болып өзімді өсірген ата-анамның, елімнің, алтын бесік – туған жерімнің қадірін, аяулы алақандарының жылулығын сіңіріп өскен қызымын . Туған жерге арналған жыр да, қара сөзбен жазған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Әр халық туған жеріне деген отты сезімдерін қастерлей, ұрпақтан-ұрпаққа махаббаттарымен сүйіспеншілік сезімдерін өлең жолдары арқылы сақтап, ұрпақтарына жеткізген. Біздің де қазақ халқымыз өзі туып өскен өлкеміздің ыстық топырағымен, бәрімізді біріктіретін көк аспанымыздың тұңғиығына шомылып, атамекен құдыретін жас ұрпақ бойына, бала санасына сіңіруде мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, батырлық жырларының арқауына жүгінеміз. Өз өлкемнің перзенті болғандықтан, туған жерімнің әл-ауқаты, оның тұрмысы мен жағдайын көркейтуде ат салысу менің де борышым деп есептеймін.......
Мамандырылған темір жол контейнері – құрылымы жекелеген және соған байланысты жүктің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған контейнерлер. Мамандарылыған контейнерлер брутто массасының ең жоғары көрсеткіші бойынша былай жіктеледі: - шағын тонналық контейнер (брутто массасының ең жоғары көрсеткіші 2,5 тоннадан аз); - орташа тонналық мамандырылған контейнер (2,5 тоннадан 10 тоннаға дейін); - ірі тонналық мамандырылған темір жол контейнері (брутто массасының ең жоғары көрсеткіші 10,0 тоннадан жоғары); Құрылымынң ерекшелігі бойынша мамандырылған контейнерлер былайша жіктеледі: - параметрлері бойынша әмбебап контейнерлермен сәйкес келетін; - құрылым бойынша әмбебап контейнерлермен сәйкес келмейтін; - с.і. қатты, жұмсақ және құрастырылған. Мамандырылған контейнерлердің әмбебап контейнерлерден құрылымдық ерекшелігі - салмақ түсетін қаңқа ішінде цистерна, бункер немесе жүк жайластырылатын басқа ыдыс орналасады. ....
Кіріспе Зерттеу өзектілігі:Томас Джефферсон - әлемдік тарихтағы көрнекті қайраткер. Оның өмірі мен өз еліне сіңірген еңбегі адамзат ойында мәңгілікке қалды. Томас Джефферсон тарихта тек ірі мемлекеттік қайраткер ғана емес, сонымен қатар ол философ, гуманист, лингвист, ботаник, географ, архитектор, этнограф, полеонтолог ретінде ізін қалдырды. Томас Джефферсонның саяси көзқарастары эволюциялық дамуға сәйкес келеді. Сонымен қатар, демократиялық бағытты жақтаушы көзқарастары демократияның дамуына өз әсерін тигізді. Әсіресе американдықтарға тәуелсіздігін алу жолындағы үлесі орасан зор.Атап айтатын болсақ, АҚШ тәуелсіздік декларациясын жазған бірегей тұлға.Томас Джефферсон адам құқығын жоғары сатыда тұру керек деп есептеді, себебі адам жаратылысынан ешкімге бағынышты емес және де адамдар бір-бірімен тең деді.Ол адам нәсіліне, ұлтына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамау керек деп есептеді. Көріп отырғанымыздай Томас Джефферсон демократиялық принциптерді жақтаушы және оның жүзеге асуына барлық үлесін қосқан қайраткер. Томас Джефферсон әлемдік саяси тарихқа өшпес ізін қалдырды. Томас Джефферсон республикалық партияның құрамында болатын, ол партия туралы былай деді: «Халықты бағалау оған қамқорлық жасау біздің партияның принципі, халықтан қорқу және оған сенбеу –басқа партияның принципі». Байқап отырғанымыздай Томас Джефферсон халықтың қамын ойлайтын қажеттілігін, мүддесін қолынан келгенше қамтамасыз етуге тырысқан халық қамқоршысы.Томас Джефферсон барлық азамат табиғатынан тең, сондықтанда олар тең болып өмір сүру керек деген принципті ұстанған.Ол азамттардың теңдігін жақтаушы, адамдарды езуге, қоғам байлығын әділетсіз бөлуге қарсы болған саяси қайраткер.....
Кәзіргі алаңдатаралық экологиялық мәселелердің бірі осы орман шаруашылығы болып отыр. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттердің жиынтығы, негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған орта мен өзара байланысты және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешеннің бірі болып табылады. Орман шаруашылығын келешек ұрпаққа сақтап қалу, оларды жаңарту, керекті шикізат көзі ретінде ұтымды пайдалану, біздің парызымыздың бірі. Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы. ....
Егер нәрестенің психикалық даму тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде 3 жастағы кезі бала ақыл-ойының дамуы жағынан недәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады: «Сіздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интеллект жағынан алып қарағанда қаблеті қандай екен , соны біліңіз. Осыдан соң бебекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз»,-дейді. Сонда Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы деуге АҚШ психологы Э. Торндайк қосылыпты. Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін негізгі фактордың бірі- оның қарапайым ойындары және балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі сызуға не үй салу т.б. бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен жаңағы іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Бөбектерде ойынның тек қарапайым түрлері ғана кездеседі. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтың сылдырлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің не машинаның бейнесі екеніне мән беріп жарымайды. Бөбек жасында ойынншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын оған бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып қасықпен оны тамақтандыралы, ұлға осындай ойын ұсынғанда ол бас тартып, бұл әйел жынысына жататындардың қызметі, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, « осы менің атым » деп жүгіретіні кездеседі. Осындай ойынға кішкентай қыз балалар әуес келмейді. Олар да жаңағыдай істің өздеріне қатысы жоқ екенін біледі. ....
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді. ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды. Тарихи деректерде 1389 жылы Әмір Темірдің Моғолстанға жорығы кезінде Іле-Ертіс аралығында ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қырғыз халқының құрамына кірген бұлғашы тайпасы талан-таражға салынғандығы туралы айтылады (1, 101-111 б). Орта ғасырлық тарихшы Сайф ад-дин Ахсикендидің «Маджмуат-тауарих» атты шығырмасында Темір әскері қырғыздардың негізгі үш бірлестігінің барлығын (бұлғашы, оң және сол қанат) тұтқындап Самарқантқа алып кеткен және олар сол жақтан әр тарапқа қоныстанған дейді.....
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырды. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық одақтың (ЕО) және Британдық кеңестің белседі қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет кодексі; Салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді. Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайда тиянақты аудит жүргізуді талап етеді. Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызда түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерн қамтамасыз етеді. Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті мекемелердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.....
Мақтанып сары Шымшық шалқып-тасты, «Теңізді өртеймін!» деп лақап шашты. У-шу боп, бұл хабарды естіген соң, Теңізді тастап, құстар үркіп қашты. Таң қалып, «тамашаны көреміз» деп .....
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент тиімділігі көп жағдайда пайдаланылатын ақпараттық болады және анықталады. Өз кезегінде кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің ақпараттық базасының қалыптасуы стратегиялық шешімдерді қабылдауға және қаржы қызметін ағымдық тиімді басқаруға бағытталған сәйкесті ақпараттық көрсеткіштерді мақсатты бағытты таңдау процесін білдіреді. Нақты кәсіпорын үшін, қаржылық менеджменттің ақпараттық көрсеткіштерінің қалыптасу жүйесі оның салалық ерекшеліктерімен, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанымен, шаруашылық қызметінің көлемімен және диверсификациялану деңгейімен, басқада жағдайлармен байланысты. Сондықтанда қаржылық менеджменттің ақпараттық базасын құрайтын барылқ көрсеткіштердің жиынтығы ақпарат көздерінің түрлері бойынша топтастырылуы мүмкін және нақты кәсіпорынның тәжірибелік қызметінде әрбір топ бойынша қолданылуын процедуралық дәйектеуді талап етеді. Бірінші топқа елдің жалпы экономикалық дамуын білдіретін көрсеткіштер жатады. Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштерінің жүйесі қаржылық қызметт саласында стратегиялық шешімдерді қабылдаған кезде кәсіпорынның қызмет етуінің сыртқы жағдайын болжау үшін қажет. Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады. • Мемлекеттік бюджет табыстарының көлемі • Мемлекеттік бюджет шығыстарының көлемі • Бюджет тапшылығының мөлшерінің көлемі • Ақшы эммисиясының көлемі • Халық табыстарының көлемі • Хылықтың банктегі салымы • Инфляция индексі • ҚР Ұлттық банкінің есептік ставкасы Бұл топ көрсеткішетрінің қалыптасуы мемлекеттік статистика мәліметтерінің жарияланымына сүйенеді. Екінші топқа кәсіпорынның салалық құрылымын сипаттайтын негізгі ақпараттық көрсеткіштер жатады. Бұл топқа келесі көрсеткіштер жатады: • өнімге баға индексі • негізгі қызмет бойынша пайдаға салық салу ставкасы • активтердің, соның ішінде айналым активтерінің жалпы құны • пайдаланылған капиталдың, соның ішінде жеке капиталдың жалпы сомасы • өндірілген (өткізілген) өнім көлемі. Бұл топқа контрагенттер мен бәсекелестердің қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді де жатқызуға болады. Бұл топ көрсеткіштерінің қалыптасу көздеріне прессаның есептік материалдарының жарияланымы, сәйкесті рейтингтер, ақпараттық қызметтер рыногында ұсынылатын ақылы бизнес-анықтамалар кіреді.....