Өлең: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!)

Өлең: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!)

Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Әдіптеді арманды әуелгі үміт,
Кекете алмас қазақты жау ел күліп...
Тәуелсіздік туындай биік еңсең,
Кетті бүгін келмеске тәуелділік...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Төрт түліктен майысып арқа, белдер,
Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...
Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін
Танығысы келмейтін тарпаң елдер...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?!
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Автор: Базарбай Исаев
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
16 желтоқсан өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлең, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні өлеңдер, тәуелсіздік күні өлең, тәуелсіздік күні өлеңдер, тауелсиздик куни олен, тәуелсіздік туралы өлеңдер мен тақпақтар, тәуелсіздік туралы өлеңдер жинағы, тәуелсіздік туралы өлең шумақтары, Қазақша өлең Тіл және тәуелсіздік, Қазақша өлең: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан), тілдер күніне қазақша өлең, тәуелсіздік күніне қазақша өлең, Қазақша өлең, тил тауелсиздик туралы казакша олен, тауелсиздик куни туралы олен, тәуелсіздік туралы өлеңдер авторымен, тауелсиздик туралы такпактар казакша, тауелсиздик кунине арналган такпактар, стихи на казахском языке о независимости казахстана, стихи на казахском языке о 16 декабря день независимости, 16 желтоксан тауелсиздик куни олен казакша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]