Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ақиқат пен өтірік)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ақиқат пен өтірік)

Ақиқат пен өтірік - бөлек бесік,
Ар-ожданға жүрсек те көмектесіп.
Ажыратып болмайсың ақ-қараны,
Адамдардың өмірге көп өкпесі.

Даулы сөздің көрдім де елеп көбін,
Дұрыс пенен бұрысты бөлектедім.
Қаншалықты күдікпен қарасам да,
Көңіліме қонады көбі өкпенің.

Болмағанмен дастанның тарауында,
Біраз-біраз қызықтар бар ауылда.
Дарындымыз
Қырмызы дипломмен,
Дарынсыздың істейді қарауында!

Мұңайтады пікірлес,
шерлестерім.
Мейманыңа біреулер бермес төрін.
Біреулер жүр лайық жұмыс таппай,
Біреу отыр жинап ап жерлестерін.

Ақиқатын айталық, күрмермелік,
Арандарға - үй емес, түрмең көрік.
Бес бөлмеде біреулер әйелімен,
Бес жаны бар үйде отыр бір бөлмелік.

Өлмей тірі кетпейді шал бастығы,
Бір-брімен өзара алмасты мұң...
Кереметтей келбетті кейбір жігіт
Күйеуі боп жүреді албастының!

Жататұғын жан қайда мұны жұптап!
Жақұттардың алдында қыбыжықтап,
Күндей сұлу қыздарың кей кездері
Көзін жұмып шығады құбыжыққа!

Қақас қалып көбіне небір дарын,
Қараулықпен май жиған жебір қарын.
Кім кінәлі?!.
Адамша істеңдер деп,
Өзімізге тапсырған Өмір бәрін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қадыр мырза әли Ақиқат пен өтірік өлеңі, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]