Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Қайықта)

Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Қайықта)

Болсақтағы жаңа таныс
Жүзсек те алғаш қайықта
Ұшқыр қиял кетті-ау алыс
Бұйырмашы айыпқа

Самал болар толғандырған
Айдын шалқар көл бетін
Сәулем, мені ойландырған
Сенің жарқын келбетің

Көлдің жүзін нұрландырып
Тұрма сенің дидарың
Сол бейнеңді тұрған күліп
Су бетіне қимадым

Ескегіңді берші маған
Мен есейін, сен еспе
Су күлкісі сылдырлаған
Сенің күлкің емес пе?

Ашылғандай айдын көлде
Үлкен өмір есігі
Су бетінде қайық бейне
Махаббаттың бесігі

Жылжы қайық осы көлде
Жыр толтыршы жаныма
Махаббаттың бесігінде
Тербелейік тағы да
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәмші қалдаяқов Қайықта өлең стихи на казахском шамши калдаяков казакша песня, шәмші қалдаяқов өлеңдері әні, стихи песни на казахском языке шамши калдаяков, шамши калдаяков олендери песня текст, Қайықта

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]